Министр ұшақтың кешігу себептерін түсіндірді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Айтуынша, әуе компаниясы ұшақтың сенімділігіне көз жеткізбестен жолға шыға алмайды.
Жаз мезгілінде өкінішке қарай ұшақтар жаппай кешікті. Қазір ол олқылықтар жойылды. Әр жағдайға қатаң қарадық. Ондай компаниялар үшін 3 млн теңге айыппұл деген не? Бірінші, екінші, үшінші, оныншы айыппұлды арқалағанда, күлетіндей жағдайда емес екеніңді түсінесің. Мемлекеттік машина күн сайын солай жұмыс істейтіні санаңа жетеді. Сол үшін олар өз жұмыстарын бір жолға салды деп ойлаймын, — деді ведомство басшысы.
Ұшақтардың кешігу себептерін түсіндірген министр ұшаққа құстың қонуы немесе датчиктің істен шығуы жайттарын айтты. Компания ұшақтың сенімділігіне толық көз жеткізбейінше, оған әуеге көтерілуге рұқсат бермейтінін мәлім етті. Сондықтан сабырмен қарауға шақырды.
Көрнекі сурет