Алматы облысы Қарасай ауданының криминалдық полиция бөлімі «Алтын орда» базарының бұрынғы басшылығына халықаралық іздеу жариялады. Олар алақтық бойынша қылмыс істеді деген күдікке ілінді.
«Данияр Әбдіғапаровқа — 1982 жылы туған, Жұмадин Патовқа — 1982 жылы туған, Қанат Жақаевқа — 1984 жылы туған, сонымен қатар 1986 жылы туған Айдос Нұрқалиевқа Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 190-бабы бойынша халықаралық іздеу жарияланды. «Істің мән-жайы кейінірек хабарланады», — делінген хабарламада.
Аталған тұлғалар ҚР Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта жоғарыда оларды ұстап, Қарасай ауданының уақытша ұстау изоляторына орналастыру бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін Алматы облысы бойынша монополияға қарсы департаменті «Altyn Orda QazTrade LTD» ЖШС-не қатысты әкімшілік іс қозғап, материалдар Алматы облысының Қарасай мамандандырылған ауданаралық сотына қарауға жіберілген болатын.
Фото: ашық дереккөзден