Еліміздегі шекараларға жақын орналасқан ауылдарда 1,7 млн қазақстандық тұрып жатыр. Ондағы шекара заставаларының инфрақұрылымы жетілдіріледі. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында мәлім етті.
Бұл бағыттағы шаралар негізінен «Ауыл- ел бесігі» жобасының аясында іске асырылуда.
«Мемлекеттік шекарадан 50 шақырым қашықтықта орналасқан ауылдардың саны 1,3 мың. Ол ауылдарда 1,7 млн адам тұрады. Министрлік тарапынан осы ауылдарды дамыту үшін тиісті жол картасы әзірленді. Бұдан басқа тиісті жұмыс тобы жұмыс істейді. Ауылдарды дамытудың 2023-27 жылдарға арналған тұжырымдаманың жобасы әзірленген, — деді Әлібек Қуантыров.
Оның айтуына қарағанда, бұл жобада инфрақұрылымды дамытудан басқа өзге де қызметтер қалыптастырылады. Оның ішінде отандық эфир, эфирлік телеарналар, интернетті күшейту сияқты шаралар көзделген. Ауылдарда орналасқан шекара заставаларының инфрақұрылымын күшейту де көзделген».
Фото: ашық дереккөзден