Түркиялық жұлдызды жұп сәбилі болды

Түркиялық жұлдызды жұп Бурак Өзчевит пен Фахрие Евжен екінші рет сәбилі болды. Актер мен актрисаның отбасында ұл бала дүниеге келді.

Gecce Instagram парақшасының мәліметінше, Бурак Өзчевит пен Фахрие Евжен екінші ұлын Керем деп атаған. Ол Түркияда орналасқан америкалық ауруханада өмірге келді. Бурак Өзчевит жұбайының жанында болған. Актриса тұңғышын да осы ауруханада босанған.

Жұлдызды жұпты жанкүйерлері оларды әлеуметтік желіде жарыса құттықтап жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Бурак Өзчевит пен Фахрие Евжен 2017 жылы отбасын құрды. 2019 жылы жұлдызды жұптың тұңғышы Каран өмірге келді.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар