Щучье тұрғынының үйінен соғыс кезіндегі қару табылды

Щучье тұрғынының үйінен екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі пулемет-тапанша табылды. Криминалдық полиция қызметкерлері Щучье қаласының 58 жастағы тұрғынының үйінен 7,62 калибрлі 1944 жылғы Шпагин пулемет-тапаншасын тапты, деп хабарлайды silknews.kz тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қару «Мал ұрлығы» жедел алдын алу шарасы барысында анықталып, тәркіленген.

Тұрғынның сөзінше, сирек кездесетін қаруды ол биыл ақпан айында бұрын металл қабылдау пункті болған аумақтан тауып алған. Қаруды заңсыз сақтау дерегі Қылмыстық кодекстің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Тексеру кезінде «Тіркелген қару» және «Қылмыстық қару» есебі бойынша мәліметтер базасында қару жоқ екендігі анықталды. Баллистикалық сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасуда.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар