Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысындағы өртке қатысты соңғы мәліметті жариялады.
Таңғы сағат 6.00-ден бастап өрт ошақтарына әуеден 164 рет су төгілген.
Абай облысында 7 учаскеде отты сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Тілсіз жаумен күреске ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, ЖАО және Қорғаныс министрлігінен 1000-нан астам адам, шамамен 237 техника жұмылдырылған.
11 тікұшақ тартылды.
Таңғы сағат 6.00-ден бастап өрт ошақтарына әуеден 164 рет жалпы көлемі 410 тонна су төгілді.