Түркістан облысынан 17 оқушы жүлдемен оралды

Ауыл оқушыларына арналған IQanat олимпиадасының бүгінгі таңда орны ерекше. IQanat олимпиадасының негізгі мақсаты — ауыл мектептері оқушыларының Қазақстандық және шетелдік алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарына оқуға түсу мүмкіндігіне тең қолжетімділікке ие болуларын қолдау.
Сонымен қатар, осы олимпиада арқылы ауыл оқушыларын пәнге деген қызығушылықтарын ояту.

Жалпы Қазақстан бойынша IQanat олимпиадасына 800-ге жуық оқушы қатысты.
Түркістан облысынан Республикалық Олимпиадаға 174 оқушы қатысты. Оның ішінде
16 оқушы IQanat High School of Burabay мектебіне өтті.

1 оқушы жүлделі І орынға ие болды.
Барлық оқушыларға құнды сыйлықтар берілді: IQanat логотипімен футболка, рюкзак, сумка-шоппер, әдеби кітап, авторы Ә.Нұршайықов «Қан мен Тер».

Мәртебелі байқауда Жетісай, Қазығұрт,Сауран, Созақ, Түлкібас, Төлеби және Шардара аудандарының мектеп оқушылары басымдық көрсетті.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар