Ғылыми жұмыспен айналысу – оқушының интеллектуалды деңгейін көтереді

Жетісай ауданы, Б.Майлин атындағы №21жалпы орта мектебінің 7 сынып оқушысы Нұралы Меруерт Мұратбекқызы 2022-2023 оқу жылында «Қазақ қоғамындағы би-шешендердің қызметі» тақырыбында ғылыми жоба байқауына қатысып, ІІІ орын иеленді. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Мусаева Мейрамкуль Абдрашовна.

Оқушының ғылыми жұмыспен айналысуы қазіргі ғылым мен білім өркениет алған заманда өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Ғылыми жұмыспен айналысу білім алушының мектеп қабырғасында өзінің таңдап алған тақырыбын тереңірек зерттеп, көпшілікке мәлім емес тың деректерді жинақтауға ықпал етеді.

Қазақтың Төбе биі — Төле бидің қазақ қоғамына қосқан бай мұралары мен өлшенбес үлестерін, ерен еңбегі мен бүгінгі таңға дейін өзекті әрі маңызды мәселе болып келеді. Оның шығармашылығы мен ойлары адамдарды өз құқықтары мен еркіндіндігі үшін күресуге үндейді.

Төле бидің қазақ мәдениетін ұлықтау, бай тілімізді дәріптеу көптеген адамдарға шабыттың қайнар көзі. Сондықтан әр қазақтың ұлы тұлғалардың еңбектерін зерттеуді олардың жүріп өткен өмір жолын, көпшілік білмеген тың деректерді зерттеуді және оны көпшілік қауымға насихаттауды көздейді.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар