Бүгін Түлкібас ауданы білім бөліміне қарасты барлық білім беру ұйымдарында яғни, 46 мектепте 11-сынып бітіруші оқушыларға арналған аттестат тапсыру жиыны өтті.
Биыл 11-сынып мектеп бітіруші оқушылар арасынан 56 «Алтын белгі», 114 Үздік аттестатт иегерлері өз аттестаттарын алды.
Салтанатты жиынға Түлкібас аудандық білім бөлімінің басшысы Ержан Кадырбек Изтайұлы, бөлімнің бас мамандары: Б.Қилыбаев, Ж.Раимбеков және пән әдіскерлері қатысып, мектеп бітіруші түлектерге ыстық ықыластарын білдірді.
Барлық білім беру ұйымдарында қауіпсіздік шараларын алдын алу мақсатында күндізгі және түнгі рейд жұмыстары ұйымдастырылды.
Түнгі рейд жұмыстарына аудан әкімінің орынбасары Ербол Орманов және бөлім басшысы Ержан Қадырбек бастаған топ жетекшілері басшылық жасайды.
Сонымен қатар, барлық білім беру ұйымдарына АПБ қызметкерлері бекітілген.
Мектеп табалдырығынан білім нәрімен сусындаған талантты шәкірттерімізге ақ жол тілейміз!