1134 оқушы мамандандыру куәліктеріне ие болды

Жасөспірімнің алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі мамандық таңдау! Оларды «Мен қандаймын? Мен не істей аламын? Мен болашақта қандай кәсіп иесі боламын?» деген сұрақтар толғандырады.

Сайрам аудандық білім бөлімі Оқу-өндірістік комбинатында аудандағы орта мектептердің 9-10-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағыт-бағдар бере отырып, еңбек нарығында сұранысқа ие болған 12 мамандық бойынша бастауыш кәсіптік білім береді.

Оқушылар өз қалауы бойынша ұсынылған мамандықтардың біреуін таңдап, 9 сыныпта «Көркем еңбек» пәнінің стандарттарына сәйкес кәсіби бағдар алады, ал 10-11 сыныптарда қосымша білім беру бағдарламалары негізінде кәсіптік даярлаудан өтеді.

Оқу-өндірістік комбинатта білім алған мектеп оқушылары жалпы орта білім аттестатына қоса мамандандыру куәліктеріне ие болады, яғни бір маман иесі болып шығады.

Айта кетейік, 2022-2023 оқу жылында 1134 оқушы мамандандыру куәліктеріне ие болды.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар