Түркістан облысының командасы III орын иеленді!

2023 жылдың 3-7 сәуірі аралығында РҒЖК қорытынды кезеңі өткізілген болатын.

2022-2023 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндерден оқушылардың республикалық ғылыми жобалар конкурсына қатысушы-командалардың сапалық рейтингі бойынша

байқаудың қорытынды кезеңінің 484 жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды: қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша – 170, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша – 314.

Оның ішінде 92 қатысушы (77 жоба) I дәрежелі дипломмен және алтын медальмен, 154 қатысушы (114 жоба) II дәрежелі дипломмен және күміс медальмен (114 жоба), 238 қатысушы (188 жоба) III дәрежелі дипломмен және қола медальмен марапатталды.

Сонымен қатар, 98 қатысушыға (78 жоба) «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамоталары табыс етілді. Республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша талдау жүргізіліп, қатысу сапасы бойынша өңірлердің рейтингі құрастырылды.

Сапалық рейтинг белгіленген формула бойынша шығарылды, мұнда алтын медаль 3 ұпай, күміс медаль 2 ұпай және қола медаль 1 ұпаймен бағаланады.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар