Төлеби: Мектепке дейінгі ұйымдарда сауықтыру, шынықтыру шаралары өткізілуде

Төлеби ауданында 54 мектепке дейінгі ұйым бар. Оның 25-і мемлекеттік, 29-ы жекеменшік мектепке дейінгі ұйым.

Бүгінде аталмыш мектепке дейінгі ұйымдарда сауықтыру, шынықтыру шаралары өткізілуде. Бұл жөнінде Төлеби аудандық білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ісі бойынша әдіскері Бағила Орынбекқызы:

— Биылғы 1 маусымнан бері ауданымыздағы барлық мектепке дейінгі ұйымда сауықтыру, шынықтыру шаралары өткізілуде. Жазғы кезеңге арналған жоспарды құру кезінде сауықтыру, шынықтыру шараларын ұйымдастыруға ерекше мән берілді. Балалар таңғы жаттығуларды таза ауада жасауда. Тәрбиеленушілерді күн сәулесімен, сумен шынықтыру шаралары ұйымдастырылып отыр. Тіпті, құммен сурет салып, ойнаудың пайдасы ескерілуде. Балақайларды сауықтыруға, шынықтыруға бағытталған «Көңілді жаз», «Нептун күні» сияқты шаралар, сумен, құммен ойналатын, басқа да қызықты түрлі ойындар ағымдағы жылдың 31 тамызына дейін өткізіледі, — дейді.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар