Бүгін Түркістан облысы білім басқармасы басшысы Дінислам Болатханұлының төрағалығымен кезекті аппарат жиыны өтті. Басқосуға басқармадағы жауапты бөлім басшылары мен (аудан/қаладағы) білім бөлімдерінің басшылары ZOOM платформасы арқылы қатысты.
Күн тәртібінде: «Білім мекемелеріндегі балалар қауіпсіздігі бойынша» қаржыландыру; «Орта білім мекемелерінің күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысы»; «Тегін ыстық тамақ» бойынша мемлекеттік сатып алу және бұған дейін де өзектілігін жоймаған білім мекемелерінің жылыту қазандықтарының бүгінгі жай-күйі, мемлекеттік қызметкерлердің декларация тапсыру тәртібі, жазғы сауықтыру, сондай-ақ, алда өтетін «Тамыз кеңесіне» дайындық жұмыстары туралы бірқатар кезек күттірмес мәселелер қозғалды.
Жиын соңында басқарма басшысы Дінислам Болатханұлы күн тәртібінде қаралған мәселелерді тыңдап, тиісінше жауапты мамандарға тапсырмалар берді.