Бүгін, Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Ғазиза Әлібекқызы Шукурбаева Республикалық АЙҚАНАТ ОЛИМПИАДАСЫ жеңімпаздарын, ата -аналарын құттықтап, сый құрмет көрсетті. 2023 жылдың маусым айының 17-22 күндері Астана қаласындағы Н.Назарбаев университетінің базасында ауыл оқушыларына арналған IQanat олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың негізгі мақсаты – ауыл мектептері оқушыларының Қазақстандық және шетелдік алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарына оқуға түсу мүмкіндігіне тең қолжетімділікке ие болуларын қолдау, олимпиада арқылы ауыл оқушыларын пәнге деген қызығушылықтарын ояту.
Ауданымыздан олимпиаданың аудандық кезеңіне 818, облыстық кезеңіне 208,Республикалық кезеңіне 10 оқушы қатысты. Түркістан облысынан республикалық олимпиадаға 175 окушы қатысты.Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты № 10 «Қайнар мектеп-гимназиясының Құттыбек Ержігіт Ғалымжанұлы, № 17 «Түркістан» жалпы орта мектебінің оқушысы Әуелбек Балжан Ниязбекқызы, Н.Исмайлов атындағы № 45 жалпы орта мектебінің оқушысы Жаңабай Даниял Құрбанбайұлы IQanat High of Burabay мектебінің оқу грантының иегері атанды.
IQanat High of Burabay мектебіне 10 сыныпқа оқуға қабылдану үшін үміткерлердің 9 сынып жылдық қорытынды бағалары математика, ана тілі(білім алу тілі), ағылшын тілі, Қазақстан тарихы пәндер бойынша «5»-тен төмен болмау керек.
Қорытынды бағалары «5»-тен төмен болған жағдайда үміткерлер мектепке қабылданбайды.
Екі апталық IQ IP бағдарламасына толықтай және белсенді қатысу 10 сынып оқуға қабылдануға қосымша шарт болып есептеледі.
Оқушыларымызға,ата-аналарына, ұстаздарына бөлім атынан алғыс білдіреміз.
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің баспасөз қызметі