Бүгін Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында 11-сынып бітіруші оқушыларға арналған аттестат тапсыру салтанатты жиыны өтті.
Ауданымызда 2022-2023 оқу жылында 11-сыныпты бітірушілер саны — 2002.Оның ішінде 68 оқушы «Алтын белгі» төсбелгісіне, 170 оқушы Үздік аттестат иегері атанды.
Білім ордаларында өткен салтанатты жиынға аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің мамандары мен әдіскерлері, қоғам өкілдері, ата-аналар қатысып, мектеп бітіруші түлектерге ыстық ықыластарын білдірді.
Барлық білім беру ұйымдарында қауіпсіздік шараларын алдын алу мақсатында күндізгі және түнгі рейд жұмыстары ұйымдастырылуда.
Үлкен өмір жолына қадам басқан талантты шәкірттерімізге ақ жол тілейміз!