Ұлы ақынның бай мұрасын жас ұрпақ санасына терең әрі жан-жақты сіңіріп, өнеге мен тәрбиенің алтын қазығына айналдыруды көздеген “Абайтану” олимпиадасына биыл еліміздің әр өңірінен 100-ге жуық оқушы қатысты.
Бірінші айналым бойынша қатысушы Абай қарасөздері мен поэзиясы негізінде дайындалған тақырыптардың біріне эссе жазды.
Екінші айналымда М.Әуезовтің “Абай жолы” романы, Абай шығармашылығы бойынша дайындалған тапсырмаларға жауап беріп, М. Әуезовтің “Абай жолы” романынан алынған сөйлемдерге кешенді талдау жасау арқылы грамматикалық сауаттылығы анықталды.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша әділ-қазылар төрелігімен N37 Р.Қошқарбаев атындағы жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Сейсенбай Динара 3-орынға ие болды
Жүлдегерді дайындаған жетекшіге Алғыс хат берілді.