«Бастау» XVI республикалық математикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» РҒПО-ның ұйымдастыруымен 9-13 маусым аралығында 2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» XVI республикалық математикалық олимпиаданың республикалық қорытынды кезеңі, Алматы қаласы Ш.Смағұлов атындағы Алматы облыстық мамандандырылған физика-математика мектеп-интернатының базасында өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты — бастауыш сынып оқушыларының математикалық қабілеттері ерекше дамыған дарынды балаларды айқындау, қолдау, математикадан білімдерін тереңдету және кеңейту болып табылады.

Олимпиадаға жалпы республика бойынша 2-4 сынып оқушыларынан 150-ге жуық, Түркістан облысы бойынша 2-4 сыныптардан 6 оқушы қатысқан болатын.

Олимпиаданың республикалық кезеңі 3 тур бойынша өткізілді:

1 тур – «Әу, баста!» (командалық есеп)

2 тур — «Көкпар» (командалық есеп)

3 тур – «Математикалық бәйге» (жазбаша, ауызша жеке есеп)

Олимпиаданың қорытындысы бойынша:

ІІІ орын — Командалық есеп (орыс тобы)

ІІІ орын — Қайназар Құрманай – 4 сынып (қазақ тобы), Бәйдібек ауданы, Қайнар жалпы орта мектебі

ІІІ орын Ерланов Бибарыс — 4 сынып (орыс тобы), Жетісай ауданы, М.Горкий атындағы №1 мектеп-гимназия

Мақтау қағазы — Әбен Ясина – 2 сынып (қазақ тобы), Бәйдібек ауданы, Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебі

Жеңімпаз оқушыларымыз бен математика пәні бойынша дайындаған жетекшілерімізді шын жүректен құттықтаймыз!

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар