“Жасыл мекен” челленджін түркістан облысы оқушылары қолдады

Бүгін елорда уақытымен сағат 12:00-де бір мезгілде барлық білім беру ұйымдарында «Жасыл мекен» республикалық челленджі өтті. Экологиялық акцияға ҚР Оқу-ағарту министрінен бастап, құрылымдық бөлімше басшылары, білім беру ұйымдарының директорлары, мұғалімдер мен оқушылар қатысты

«Тоғыз айға 9 іс-шара» аясындағы білім беру ұйымдары арасындағы «Жасыл мекен» челленджінде көктемде көшет отырғызу арқылы қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауды дәріптеумен қатар, еңбекқорлыққа баулу, айналаны көгалдандыруға, абаттандыруға бастама болып табылады.

«Жасыл мекен» челленджі білім алушылардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғат пен қоршаған ортаны құрметтеуге, адамдарға деген қамқорлық сезімін дамытуға бағытталған.

Басты мақсат- білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және еңбекқорлыққа баулу.

Облыстағы әрбір білім беру ұйымы «Жасыл мекен» челленджіне қатысушылардың киімдері мен көшет отырғызатын орынды дербес анықтады.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар