Түлкібас ауданы білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес, Абай атындағы мектеп-лицейінің базасында «Ғылыми жоба дайындаудың әдіс-тәсілдері мен тиімді жақтарының маңызы» тақырыбында аудандық тәжірибелік -семинар өткізілді.
Семинарға барлық білім беру ұйымдарынан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.
Семинардың мақсаты: Түрлі ғылыми-зерттеу жұмыстарды орындауда оқушылар мен оқытушылардың бірлесе жұмылуының арқасында оқу үдерісі сапасын көтеру.
Тәжірибелік семинарда пән әдіскері Г.Оразбаева, Т.Рысқұлов атындағы ЖОМ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Молдабаева, облыстық мұғалімдер арасында облыстық ғылыми жоба байқауының жүлдегері И.Жансейітова шебер-сынып көрсетсе , ал Б.Садықов атындағы ЖОМ-нің 7-сынып оқушысы Республикалық «Зерде» ғылыми-жоба байқауының II орын иегері Нурунбек Бақдәулет және жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Абишева өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар барысында ғылыми жоба жұмыстарын жүргізу қадамдары , оқушымен жұмыс жасауда нені ескеру керек, ғылыми зерттеу жұмыстарының кезеңдері, тақырыпты қалай таңдаймыз? т.б. тақырыптар аясында жұмыстар жүргізілді.