Астана қаласында 2023 жылдың 6 мамыр күні «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының ақтық кезеңі 5 бағыт бойынша өтіп, өз мәресіне жетті. Білімділер сайысында Түркістан оқушылары жүлделі орындардан көрінді.
Айта кетерлігі, Республикалық кезеңге Түркістан облысынан 10 оқушы жолдама алды.
Байқау нәтижесі бойынша жүзден-жүйрік, мыңнан- тұлпар атанған оқушыларымызбен таныс болыңыздар:
Тоқтан Марина І орын, Созақ аудан, ‘Жас қаламгер’ бағыты;
Марифова Жанон І орын, Кентау қаласы, ‘Білгірлер бәйгесі’ бағыты;
Исмайл Гүлмарал ІІ орын, Арыс қаласы , ‘Білгірлер бәйгесі’ бағыты;
Жайсанбай Байбатыр ІІ орын Шымкент Б.Өтеп атындағы мамандандырылған «Өнер’ мектеп- интернаты , ‘Әнші-бұлбұлдар’ бағыты;
Курешов Асқар ІІ орын, Түркістан қаласы, ‘Әнші бұлбұлдар’ бағыты.
Жұмабай Нұржан ІІІ орын, Шардара ауданы, ‘Сөз шеберлері’ бағыты;
Төрехан Батырбек ІІІ орын, Созақ ауданы, ‘Сөз шеберлері’ бағыты.
Жеңімпаз оқушымыз Жұмабай Нұржан /Шардара ауданы/ Сүлеймен Димерел университетінің грантына ие болды.
Сондай-ақ, Түркістан облысы дәрежелі ‘ “ҮЗДІК КОМАНДА”атанды. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!!!