Бүгін Арыста әдістемелік кабинеттің 2022-2023 жылдық жоспарына сәйкес, кітапхана ісі жөніндегі әдіскер Бекбосынова Айгүлдің ұйымдастырумен № 32 Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП-ОҚУҒА ҚҰШТАР ҰЛТ» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты — өскелең ұрпақтың оқу сауаттылығын арттыру, оқу мәртебесін, оқу белсенділігін дамыту, көркем шығармаларды оқуды насихаттау, жас ұрпақ бойында жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.
Қалалық семинардың барысында «COWORKING» бұрышы ашылып, көрмелер ұйымдастырылып ашық тәрбие сағаттары өтілді. Сондай-ақ, білім мекемесінің педагторы «Отбасылық оқудың дәстүрлері», «Кітап және ғаламтор» , «Ұлттық құндылықтар кеше, бүгін, ертең», «Арқаның арысы-Ақселеу Сейдімбектің туғанына 80-жыл», » Кітап оқу арқылы өзін-өзі дамыту» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.