Бүгін Түлкібас ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері Г.Оразбаеваның жылдық жоспарына сәйкес, Абай атындағы мектеп-лицейінің базасында 8-11 сынып оқушылары арасында Республикалық Абай оқуларының аудандық кезеңі өткізілді.
Абай оқуларының негізгі мақсаты: қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
Байқауға жалпы білім беру ұйымдарынан 50 оқушы қатысты. Абай оқулары 6 номинация бойынша өткізілді. Олар Абай өлеңдерін жатқа оқу конкурсы, Абай қара сөздерін жатқа, мәнерлеп оқу, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу. Абай және Шәкәрім әндері мен күйлерін орындау шеберлігі бойынша бақ сынасты. Сондай-ақ, оқушылар өз шығармаларын ұсынды. Бұдан бөлек, «Ұлылар әлемі» тақырынбында эссе жазды.
Байқаудың қорытындысы бойынша аудандық кезеңнің жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Аудандық кезеңнен I орын иеленіп, 2023 жылдың 19 мамыр күні Қазығұрт ауданында өткізілетін облыстық кезеңіне жолдама алған Абай атындағы мектеп-лицейінің оқушылары 8-сынып оқушысы Жайықбек Элдана, 9-сынып Қолдас Иманғали, Т.Рысқұлов атындағы ЖОМ-нің 9-сынып оқушысы Балқыбек Абзалға сәттілік тілейміз!
Мектеп оқушылары арасында Абай және Шәкәрім шығармашылығы арқылы ұлылар поэзиясына ,ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатындағы жұмыстар өз жалғасын таба бермек.