“Алтын сақа” математикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтуде

“Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы” және «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен “ М.Шоқай атындағы № 24 жалпы орта мектеп” базасында 3-4 cыныптар арасындағы «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтуде.

Олимпиаданың мақсаты – мектеп оқушыларының жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындығын жақсарту және пән бойынша ерекше қабілетті балаларды анықтау, олимпиада резервін қалыптастыру.

Білім додасына 17 ауданнан 169 бала қатысуда. Қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар