Республикалық чемпионатта Түркістан облысының оқушыларынан құралған команда 1 орынды иеленді

Бүгінгі таңда облысымызда спорт саласы қарқынды дамып келеді. Спорттың қай түрін алсаңыз да ауыз толтырып айтатын жаңалық көп. Атап айтар болсақ, 3-10 мамыр аралығында Қызылорда облысы, Арал ауданы, Арал қаласында өткен футболдан 2009 жылы туылған ауылдық спорт мектептері арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында Түркістан облысы командасы 1 орынды иеленіп, абыройды асқақтатты.

Команда құрамында Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «М.Ғабдуллин атындағы №52 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 7″А» сынып оқушысы Хайрулла Қазыбек және 8″Б» сынып оқушысы Жаңабай Даниял өнер көрсетті.

Түркістан облысының жас футболшылары жарыс барысында допты алып жүру кезінде жеке шеберліктерімен қоса, командалық-тактикалық ойындары да жанкүйерлерге жақсы әсер қалдырды. Футбол өнеріне баулып, шәкірттерін додаға қосып, баптаған жаттықтырушыларымыз, мектебіміздің дене шынықтыру пән мұғалімдері Досылиев Мурат, Досалиев Есенжол.

Барлық командалардың ойын тәсілдері мен шеберліктері мен жылдамдықтарының жоғарғы деңгейде екендігін байқалып, әр ойын тартысты өтті.

Жарыс соңында біздің чемпиондарға арнайы кубок, медаль, дипломмен марапатталды. Жарайсыңдар чемпиондар! Бағындырар белестеріңіз биік болсын!

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар