Жылдағы дәстүрге сай, 17 мамыр күні Б.Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектебінде 8-11 сынып оқушылары арасында аудандық «Абай оқуларының» аудандық кезеңі өткізілді.
Негізгі мақсат — қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
Байқауға жалпы білім беру ұйымдарынан 81 оқушы қатысты. 6 номинация бойынша өткізілген байқауда Абай өлеңдерін жатқа оқу конкурсы, Абай қара сөздерін жатқа, мәнерлеп оқу, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу сонымен қатар, Абай және Шәкәрім әндері мен күйлерін орындау шеберлігі бойынша бақ сынасты. Сондай-ақ, оқушылар өз шығармаларын ұсынды. Бұдан бөлек, «Ұлылар әлемі» тақырынбында эссе жазды.
Байқау қорытындысы бойынша аудандық кезеңнің жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Мектеп оқушылары арасында Абай және Шәкәрім шығармашылығы арқылы ұлылар поэзиясына, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатындағы жұмыстар өз жалғасын таба бермек.
Дүбірлі додада үздіктер арасынан суырылып алға шыққан жеңімпаз 6 оқушының аудан абыройын асқақтататынына сенім мол.