Жуырда Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты С.Сейфуллин атындағы мектебінде қосымша білім беру педагогтері мен үйірме жетекшілеріне «Қосымша білім беру барысында оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру» тақырыбында оқыту семинары болып өтті.
Оқыту семинарына 58 қосымша білім беру педагогтері мен үйірме жетекшілері қатысты. Негізгі мақсат — оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру бағытында шығармашылыққа баулу.
Оқыту семинарында Түркістан облысы білім беруді дамыту орталығының әдіскері Каймолдаева Бақыткүл «Қосымша білім беру жүйесін дамытудың мақсаты мен ұстанымдары» тақырыбында баяндама жасады.
Содан соң Қ.Сатпаев атындағы мектеп лицейінің қосымша білім беру педагогы А.Есіркепова “Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруда қосымша білім берудің ролі”, Қ.Тұрсынқұлов атындағы мектеп гимназиясының үйірме жетекшісі Г.Мелдешбекова “Тоғыз құмалақ”, Д.А.Қонаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің қосымша білім беру педагогы “Үйірменің үйретері көп” тақырыбында баяндамалар жасап, С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің қосымша білім беру педагогтері Ф.Сахова мен К.Дүйсенова шығармашылық есептерін көрсетіп, іс-тәжірибелерін бөлісті.