Кемел келешек кілті — білімде

Мақтаарал аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Мақтаарал» мәдениет үйінде «Кемел келешек кілті — білімде» тақырыбында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін және спорт жеңімпаздарын марапаттау шарасы өтті.

Салтанатты шараға Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов, Мақтаарал аудандық білім бөлімінің басшысы Мұратбек Серікбаев, “Аманат” партиясының төрағасы Мұхтар Сарсенов, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Алданияз Жолдасов қатысып, үздіктер мен білім мекемелерінің басшыларын, пән мұғалімдерін және ата-аналарын құттықтап, медальдары мен дипломдарын табыс етті. Сонымен қатар аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов жеңімпаз оқушылардың пән жетекшілеріне демалыс орнына тегін жолдама сертификатын табыстады.

Олимпиада жеңімпаздары – Қазақстан келешегінің интеллектуалды тірегі мен ұстаздар мақтанышы. Еліміздің даңқын асырып, биік жетістіктерге жеткізер мектеп мақтаныштары – олимпиада жүлдегерлері мен талантты да, қабілетті ұландарды шыңдап, дайындаған барлық пән мұғалімдері мен оқушыларға алғыс айтылды.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар