Жуырда Түркістан қаласындағы №1 А.Байтұрсынов атындағы мектеп-лицейінде «Ахмет Байтұрсынов — ұлтымыздың ұлы ұстазы» тақырыбында ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңі өтті. Түркістан облысының 49 оқушысы өзара бақ сынаған байқауға Түлкібас ауданынан 3 оқушы қатысты.
Байқаудың негізгі мақсаты — қатысушылардың тіл білімінің негізін салушы, ұлт ұстазы- Ахмет Байтұрсыновтың еңбектеріне деген қызығушылығын арттырып, ғылыми көзқарасы мен дүниетанымын қалыптастыру, тіл білімі мен әдебиеттану ғылымын дамыту.
Жобаға білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары қатысты. Байқау А,Байтұрсыновтың ақындық әлемі, қазақ әдебиеті мен қоғам қайраткері ретінде танылған туындылары бойынша 3 бағытта жүргізілді.
Байқау қорытындысы бойынша ғылыми жобаның 3 бағытына қатысқан Т.Рысқұлов атындағы жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушылары: Нұрсейт Нүрлыхан жүлделі I орын, Әбдіхалық Ажар және Мархаба Ержанқызы жұлделі — III орынды иеленді. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гульжан Молдабаева.
Жеңіс тұғырынан көрінген дарынды оқушыларымыз мен пән мұғалімін марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!