Маңғыстауда аққулар қырылды

Маңғыстау облысында мыңға жуық аққу қырылып қалды. Соңғы мәлімет бойынша, 988 өлі аққу табылған. Оның ішінде Қарақия өңіріндегі теңіз жағасынан 20 құстың өлексесі табылған, деп жазуда жергілікті БАҚ.

Осыған орай тұрғындардың теңіз жағасына шығуына уақытша шектеу енгізілген. Қырылған аққудың барлық өлексесі жойылған. Арнайы комиссия құрылып, бекітілген іс-шаралар жоспарына сай жұмыс істейді.

Полиция қызметкерлері жағалаудағы аумақтарды патрульдеп, үй жануарлары ауруының алдын алу мақсатында тұрғындарға теңіз жағалауына уақытша бармау керек екенін ескертуде.

Қарақия ауданында 2672 бас құс тіркелген. Құстарды вакциналау 2023 жылдың қыркүйегінде басталған. Бүгінде 80%-ына вакцина егілген.

Айта кетсек, 2023 жылдың 27 желтоқсанында Маңғыстаудағы Қаракөл көлінің жағасынан 30 аққудың өлексесі табылған. Бұл туралы Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы хабарлады. Кейін Ақтау маңында 600 аққу қырылғаны белгілі болды.

Сурет: ашық дереккөзден

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар