Елімізде құмар ойындарды жарнамалауға тыйым салынбақ

Заң аясында келесі шаралар іске асырылады:

Заңда максималды түрде букмекерлік кеңселер мен казинолардың жарнамасын шектеу қарастырылған. Интернет ресурстарында, ресми сайттарда, телеарналар мен радиода, мерзімді баспа басылымдарында, кино беттерінде, мобильді операторлардың смс хаттамаларына да жарнамаға толық тыйым салынады. Белгілі блогерлер мен әлеуметтік желідегі танымал тұлғаларға мұндай ойын түрлерін жарнамалауға тыйым салынады;

Ойында бәс тігу жасы 21 жастан 25 жасқа дейін көтеріледі;

Өтелмеген алименттік және несиелік қарызы бар азаматтардың құмар ойынға бәс тігу мүмкіндігі шектеледі;

Ойнау жасына жетпеген азаматтардың құмар ойындарына және бәс тігуге қатысуы шектеледі;

Заңсыз онлайн казино ұйымдастырушыларға қылмыстық кодекстің 307-бабы бойынша жаза қолданылады. Атап айтқанда, мүлкi тәркiленiп, 2000 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 2 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады;

Заңсыз лотоматиктер мүлдем жойылады;

Шетелдік ойын бизнесін ұйымдастырушылардың тізімін жүргізу, сондай-ақ банктер мен төлем жүйелеріне олардың пайдасына қаржылық операциялар жүргізуге тыйым салу көзделеді;

Букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың өз аппараттық-бағдарламалық кешендерінің мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйелерімен интеграциялануын қамтамасыз ету міндеті белгіленеді.

Кейбір «блогерсымақтар» өлтіріп тұрып жарнама жасап жүруші еді, жақсы болды енді, үндерін өштіретін. Өтірік хайп жасап, жалғасы телеграм каналда деп талай адамдарды онлайн-казиноға тықты. Сондайлардан сақ болыңыздар.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар