«Қауіпсіз балалық шақтың кепілі – 2026» бастамасы аясында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде

«Қауіпсіз балалық шақтың кепілі – 2026» республикалық бастамасы аясында Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аудан аумағында аулалық аралау жұмыстарын өткізді.

Іс-шараға Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл тобының инспекторы мен Отбасын қолдау орталығының мамандары қатысты.

Профилактикалық шара барысында мамандар қолайсыз әлеуметтік жағдайдағы отбасылардың тұрмыс-тіршілігі зерделеп, балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарының сақталуына баса назар аударды.

Сонымен қатар ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізіп, бала тәрбиесіндегі жауапкершілік, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және отбасында қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру мәселелері бойынша жан-жақты ақпарат берді.

Тәртіп сақшылары ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмау, олардың интернет кеңістігіндегі қауіпсіздігін бақылау, заң талаптарын сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алуда ата-ананың жауапкершілігі ерекше екенін түсіндірді.

«Қауіпсіз балалық шақтың кепілі – 2026» бастамасы аясында ұйымдастырылып жатқан профилактикалық іс-шаралар балалардың құқықтарын қорғауға, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және отбасы институтын нығайтуға бағытталған маңызды жұмыстардың бірі болып табылады. Мұндай рейдтік және түсіндіру шаралары әлеуметтік тәуекел тобына жататын отбасыларды дер кезінде анықтап, оларға қажетті әлеуметтік, құқықтық және психологиялық қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде балалардың қауіпсіз ортада тәрбиеленуіне қолайлы жағдай жасалып, құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарының тиімділігі артады.

Іс-шара барысында мамандар ата-аналарға бала тәрбиесіндегі жауапкершіліктің маңызын түсіндіріп, отбасындағы өзара сыйластық пен сенімге негізделген қарым-қатынастың бала тұлғасының дұрыс қалыптасуына әсер ететінін атап өтті. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, олардың білім алуына, денсаулығына және қауіпсіз өмір сүруіне қатысты заңнамалық талаптар кеңінен түсіндірілді. Әсіресе тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, ерте анықтау және мұндай жағдайлардың алдын алу мақсатында мемлекеттік органдар мен әлеуметтік қызметтердің өзара іс-қимылының маңыздылығы айтылды.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар