Биыл электр стансаларын жөндеуге 384 млрд теңге бөлінді

Халықты жылу және электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету – мемлекеттің басым міндеттерінің бірі. Қысқы маусымның тұрақты өтуін қамтамасыз ету мақсатында Үкімет Энергетика министрлігі мен өңір әкімдіктері арқылы коммуналдық желілерді жаңғырту және энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыруда. Бұл жұмыс Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында қойылған міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. Стратегиялық құжатта инфрақұрылымды жаңғыртуға, заманауи әрі экологиялық таза технологияларды енгізуге, сондай-ақ халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ерекше назар аударылған, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Өткен жылыту маусымы: атқарылған жұмыстар мен қол жеткізілген нәтижелер
2025–2026 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық қаржыландыру көлемін арттыру арқылы жүргізілді.

Инфрақұрылымды жаңартуға қомақты мемлекеттік және инвестициялық қаражат салынды:
— 2025 жылы электр стансаларын жөндеуге энергия нысандарының меншік иелері 348 млрд теңге бағыттады, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 6%-ға артық.
— Жылу желілерін жаңартуға 129 млрд теңге бөлінді. Бұл оның алдындағы жылмен салыстырғанда 16%-ға көп.

Бір жылда не жөнделді?
— Стансаларда: 10 энергоблок, 63 қазандық және 39 турбинаға күрделі жөндеу жүргізілді.
— Желілерде: 17 мың шақырым электр беру желілері мен 420 қосалқы станса жаңартылды, сондай-ақ 323 шақырым тозған жылу желілері ауыстырылды.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар