Бүгінгі таңда елімізде көмірсутектер саласында жер қойнауын пайдалану бойынша 317 келісімшарт жасалған. Үш батыс өңірінде барлық келісімшарттың 72%-ы шоғырланған. Мәселен, Атырауда 89, Маңғыстауда 72 және Ақтөбе облысында 66 келісімшарт жасалған. Қызылорда облысында 41 келісімшарт бар.
Сондай-ақ Каспий теңізінің қазақстандық секторында 5 келісімшарт қолданыста. Бұны ҚР энергетика вице-министрі Ерлан Акбаров ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Оның айтуынша, өндіруге 179 келісімшарт тиесілі. Ал, барлау мен өндіруге арналған бірлескен 135 келісімшарт бар.
«2025 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ҚР мемлекеттік баланстық қоры 4,2 млрд тоннаны, еркін газдың қоры 1,7 трлн текше метрді, ал еріген газ қоры 2 трлн текше метрді құрайды. 2020-25 жылдары көмірсутектер саласында 41,3 трлн теңге инвестиция салынды. 2026 жылы салаға шамамен 350 млрд теңге инвестиция тарту күтілуде. Бұл қаражат геологиялық барлауға, өндірістік инфрақұрылымды жаңғыртуға және жаңа технологияларды енгізуге бағытталған», – деді спикер.

