Дәрігерін атып өлтірген адам 18 жылға сотталды

Алматыда гастроэнтеролог Юрий Шумковтың өліміне қатысты сот үкімі шықты. Сот 1987 жылы туған азаматты бірнеше бап бойынша кінәлі деп танып,18 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейді.
Сонымен қатар аса ауыр қылмысқа барған сотталушы марқұмның отбасына 19,6 млн теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелді.

Бұған дейін прокурор 35 жастағы күдіктіні 20 жылға соттауды сұраған болатын. Кейін ол дәрігер Юрий Шумковтың туыстарынан кешірім сұраған еді.

Еске салайық, биылғы 4 сәуір күні Алматыда дәрігер емделуші пациентінің қолынан қаза тапты. Оны күдікті аңшы мылтығымен атып тастаған.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар