Лудомания мен қаржылық алаяқтыққа қарсы күрес

“Түркістан көпсалалы индустрияодық техникалық колледжінде” жастармен кездесу өтті. Лудомания мен қаржылық алаяқтыққа қарсы күресте белсенді жастарды жұмылдыру мақсатында өткізілетін «Қаржылық сауаттылық: жарқын болашаққа жетелейді» атты кездесуде колледж студенттері өз ойларында жүрген түйткілді сауалдарды жолдап, жиынға келген спикерлерден сол сауалдарына тиісті жауаптарын ала алды.

Ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен бұл басқосуға жалпы саны жүзге жуық жастар қатысты.

Бүгінгі осы басқосуды ұйымдастырған Ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары Қанат Жұмашев пен Салтанат Ержанқызына алғысымыз шексіз.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар