Шымкентте 15 жасар қыз сабақ үстінде қайтыс болды

Шымкентте беймәлім дәрі ішкен 15 жасар қыз сабақ үстінде қайтыс болды.

Шымкент қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, Низамхан орта мектебінің 8-сынып оқушысы үйінен белгісіз дәрі ішіп келген. Бұл жайында ол құрбысына айтқан. Содан екінші сабақта есінен танып қалған.

Мектеп мұғалімі мен сынып жетекшісі жедел жәрдем қызметін шақырған.

«Мектеп медбикесі алғашқы көмек көрсетті. Жедел жәрдем қызметкерлері зонт арқылы асқазанын шайды. Оқушы өзін жайсыз сезінгендіктен ауруханаға жеткізілді. Өкінішке қарай, 2009 жылы туған жасөспірім аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Қазіргі таңда құзырлы орган өкілдері тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр» делінген ведомство ақпаратында.

 

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар