Шымкенттегі жұмыспен қамту орталығының басшысы қамауға алынды

Шымкентте Еңбек мобильділігі орталығының басшысы қамауға алынды. Шенеуніктің ұсталғаны туралы ақпаратты Антикордың баспасөз қызметі растады.

Ресми мәлімет бойынша, Шымкенттегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ басшысына қатысты соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

«Сот санкциясы бойынша, күдікті қамауға алынды. Толық ақпарат алдағы уақытта хабарланады», — деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енген Әлеуметтік кодекске сәйкес, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында орталықтар жұмыс істейді.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар